Облыстық біріншілікте топ жарды

Жуырда облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық жекпе-жек сайысы федерациясының ұйымдастыруымен жекпе-жек сайысынан ересектер арасында облыстық чемпионат өтті.
Жарысқа ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, 2019 әскери бөлім, Қорғаныс министрлігінің 66597 әскери бөлімі, облыстық Полиция департаменті, облыстық Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімі, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, «Қажымұқан» спорт клубынан келген жалпы саны 8 команда, 65 спортшы қатысты.
Сайыс қорытындысында біздің әріптестеріміз, 55 келі салмақта өнер көрсеткен ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Т. Алдамжар жүлделі І орынды, Сырдария аудандық Пробация қызметі бөлімінің инспекторы А. Бақдәулетов ІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарға Қызылорда облысының Денешынықтыру және спорт басқармасының дипломдары табыс етілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*