Сегіз мәрте чемпион

Астана қаласында осы жылдың наурыз айынан бастап Спорт және туризм басқармасы мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өткізді.
11 наурызда шахматтан жарыстар басталды. Жарыстар алты кезеңнен тұрды. Байқау қорытындысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті мен Мемлекеттік кіріс департаментінің ұжымы бірдей ұпай санымен көшбасшы болды. Бесінші кезеңде ТЖ департаментінің командасы 2-1 есебімен алтын медальды иеленді.
17 наурызда өткен теннис жарысында Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің командасы ІІ орын алды.
24 наурызда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері волейбол жарысына қатысты.
22 сәуірде Президенттік көпсайыс және қол күресінен жарыстар өтіп, оған 7 команда қатысты. Президенттік көпсайыста төрт түрдегі күрделі жарысы: 60 метрге жүгіру, граната лақтыру, әйелдер арасында жерде жатып кеудесін көтеру және ерлер арасында турникке тартылу жарыстары ұйымдастырылып, 1-орынды Төтенше жағдайлар департаментінің құрама командасы алды. Қол күресі бойынша жарыста команда II орынды иеленді.
Сонымен қатар, департамент командасы арқан тартудан 2-орынға, стритболдан 3-орынға ие болды.
19 шілдеде Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің «Құтқарушы» спорт кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында футболдан жарыс өтіп, осы сында ТЖД құрама командасы чемпион атанды.
Осылайша, Төтенше жағдайлар департаменті жалпыкомандалық есепте мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен биылғы Спартакиаданың жеңімпазы деп танылды. Бұл атаққа олар осымен сегізінші мәрте қол жеткізіп отыр.

Астана қаласы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*