Шиелідегі шара

Жолдағы қауіпсіздік – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Жол-көлік оқиғасынан болатын материалдық және адам шығынының өсуін болдырмау мақсатында құзіретті органдар тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Мұндай жұмыстардың басты мақсаты – жол апаты келеңсіздіктерінің алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Осы бағытта Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес және жұртшылықтың алдында полицияның имиджі мен сенімін арттыру мақсатында Шиелі ауданында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Шараға Қызылорда облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшы құрамы қатарынан қызметкерлер тобы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.
Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Президент Жолдауын насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу, халыққа Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілерді кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызылорда облысының ПД Жергілікті полиция қызметі, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың мамандары азаматтарды қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдап, мазалаған сұрақтарына жауап берді.
Акцияға Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылы тұрғындары қатысып, қойылған сұрақтардың барлығына мамандармен толық жауап берілді. Шара басқа аудандарда да жалғасын табады.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*