Оқушыларды оқуға шақырды

Жуырда Астана стансасындағы ПЖБ Кадр жұмысы бөлімшесінің қызметкерлері «Астана Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешенінде Астана қаласындағы №83 орта мектептің 11-сынып оқушыларына Ашық есік күнін өткізді.
Акция барысында ұстаздардың қатысуымен «Астана Нұрлы жол» вокзал кешенін аралап, экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушыларға полиция қызметкерлерінің криминалистикалық зерттеу жүргізетін арнайы құралдары мен қолдану әдістері көрсетіліп, қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылды.
Мектеп оқушылары Көліктегі ПД Кинологиялық орталық қызметкерлерінің және олардың қызметтік-іздестіру иттерінің жұмыстарымен таныс болды. Сондай-ақ, жастарға Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары туралы ақпарат беріліп, оқуға шақырды. Кадр жұмысы қызметкерлері оқушыларды полиция қызметкерлерін дайындайтын оқу орындарының жай-күйімен толық таныстырды.

Астана стансасындағы ПЖБ КЖБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*