Ерлікті еске салатын бұрыш

Құтқарушылар мерекесі қарсаңыңда Ақтау қаласындағы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.
Жиынға қызметкерлер, азаматтық қорғау саласының ардагерлері мен қалалық билік өкілдері, қаза тапқан өрт сөндірушілердің туыстары мен жақындары қатысты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев өз сөзінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар адамдарға ешқашан бейжай қарамайтын, әрдайым көмектесуге дайын адамдар екендігін айта келіп, қызметте жүрген барлық өрт сөндірушілерге алғысын білдірді. Сонымен қатар, осы ескерткіштің ашылуы аймақ үшін маңызды оқиға екенін де атап өтті.
«Біздің өмірімізді және мүлкімізді сақтайтын, бүкіл өмір бойы біздің гүлденуіміз үшін күресетін өрт сөндірушілерді біз ерекше құрметтейміз және қазір жанымызда жоқ болса да жүрегімізде қалған, өмірден өткен өрт сөндірушілердің жақындары мен туыстарына бас иеміз», – деп сөзін аяқтады облыс басшысының орынбасары.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Базарбаев осы ескерткіштің ашылуымен біз уақытты, тарихымыздың сабақтастығын қалпына келтіреміз. Біз бен сіздер үшін, ең бірінші өз өмірін өрттен қорғауға арнаған өмірде жоқ әріптестеріміздің болашақ ұрпақтары мен жақын-туыстарына мәңгі лайықты құрмет көрсетудің маңызы зор екендігін барлық қатысушыға жеткізді.
Жиынға қатысушылар қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алып, ескерткіш монументі жанына гүл шоқтарын қойды.

Маңғыстау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*