Бір күнде 12 адамды құтқарған

Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы Қапшағай өңірінің құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Қанат Қалиев осы салаға 2017 жылы келіп, құтқарушы қызметіне тағайындалды.
Қызмет өткеру кезінде өзін жоғары білікті және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман ретінде танытты. Қызметте ынталы. Апаттық, іздестіру-құтқару, сүңгуірлік-құтқару жұмыстарын жүргізгенде сауаттылығын, шығармашылық ынтасын байқатады, тұрғындармен жұмыс істегенде әдепті және ұқыпты. Өзінің жұмысын жоспарлауда, апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізген кезде бақылау, үйлестіру мен бағалау тұрғысынан тұрақты дағдылары бар. Теория мен тәжірибені, әлеуметтік психологияны жетік біледі. Ұйымдастырушылық қабілеті, шешімдерді дербес қабылдау ептілігі, ынталылығы, ойдың, ақылдың ұшқырлығы, талапшылдығы мол жас маман өзін-өзі жетілдіруге талпынады.
ІІМ ТЖК нұсқаулығына сәйкес, шомылу маусымы кезеңінде Алматы облысы су қоймаларында адам өлімін болдырмау үшін патрульдеу кестесі құрылды. Кесте бойынша кезекшіліктен бос ауысым су қоймасының немесе көлдің жағалауында патрульдеу жұмыстарын жүргізді.
Биыл 15 шілдеде Қапшағай су қоймасының жағалауында патрульдеу барысында ауа райының күрт нашарлауына қарамастан Қанат Қалиев жалғыз өзі батып бара жатқан 12 адамды құтқарып қалды.
Құтқарушы күніне орай Қанат Қамалбекұлы «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

Алматы облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*