Велосипед мінген шабандоздар

Солтүстік Қазақстан облыстық ПД-де бір мезгілде екі спорттық іс-шара өтті.
Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов кәсіби велошабандоздар Алексей Луценко және Жандос Бижігітовпен кездессе, осы күні өңір полицейлері самбо күресінен біріншілік өткізді.
Осымен төрт жыл қатарынан солтүстікқазақстандық полиция органы басшылығының әйгілі велошабандоз Алексей Луценкомен кездесуі игі дәстүрге айналған. 26 жастағы спортшының полиция органдарына тікелей қатысы бар. Өйткені, ол көп жылдан бері еліміздің барлық тәртіп сақшылары бір тудың астында жаттығатын «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының сапында.
Полиция генерал-майоры Берік Біләловтің айтуынша, халықаралық ареналардағы Алексей мен Жандостың жарқын жеңістері жастар, оның ішінде жас полицейлер үшін спортқа деген қызығушылықтарын арттыратын зор ынта мен бетбұрыс болып табылады. Оның үстіне әйгілі екі спортшы да Солтүстік Қазақстан облысының топырағында дүниеге келген, есейген және осы жерде спорттағы алғашқы жетістіктерімен ерекшеленген.
Жұлдызды велошабандоздар полицейлерді олардың жеңістеріне деген зор құрметі мен қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді. Шара соңында естелік суретке түсті.
Осы уақытта петропавлдық «Динамо» стадионында облыстың барлық аудандарынан келген полицейлер самбо күресінен өзара мықтыны анықтау үшін бас қосты. Жарысқа 80-нен астам спортшы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Уәлиханов аудандық ПБ командасы иеленді. Екінші орынға тайыншалық полицейлер табан тіреді. Ал бірінші орынды облыстық Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері қанжығасына байлады.
Өткен біріншілікте үздік нәтиже көрсеткен погон таққан спортшылар қараша айында Ақтау қаласында полицейлер арасында өтетін самбодан республикалық жарыста бақ сынайтын болады.

Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*