Азаматтық қорғау – айбарлылар мекені

19 қазан – елімізде Құтқарушы күні ретінде атап өтіледі. Халықтың қауіпсіздігі үшін күндіз-түні тер төгіп жүрген төтеншеліктер мерекесі биыл да ел көлемінде кеңінен тойланды. Еліміздің барлық өңірінде өткен салтанатты іс-шаралардың бірқатарын ұсынып отырмыз.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті
Өткен жұмада ІІМ ТЖ комитетінде кәсіби мереке – Құтқарушы күніне арналған салтанатты жиналыс өтіп, сала ардагерлері мен қызметкерлеріне наградалар табыс етілді.
ТЖ комитетінің төрағасы В. Беккер, Төтенше жағдайлар органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Абдрахманов құттықтау сөз сөйледі.
Жиналыс барысында ардагерлер мен қызметкерлерге ведомстволық наградалар, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі, құтқару операцияларына қатысқаны, адамдарды құтқарғаны үшін және Құтқарушы күнін мерекелеуге байланысты ведомстволық наградалармен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен азаматтық қорғау саласының 147 қызметкері, сондай-ақ, төтенше жағдайларда адамдарды құтқару кезінде ерекше көзге түскен батыр азаматтар марапатталды.
Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бұйрығымен ведомстволық наградалармен, грамоталармен және алғыс хаттармен 55 қызметкер марапатталды.
Сонымен қатар, салтанатты рәсімде азаматтық қорғау ардагерлері Н. Поздинге, М. Измағамбетовке, Е. Алдоңғаровқа, К. Қанафинге мерейтойлық наградалар табыс етілді.
Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдарының, яғни «Хабар» телеарнасындағы «Спасатели» деректі сериалының және «Atameken Business» телеарнасында ТЖ комитетінің құтқару бөлімшелерінің қызметі туралы қойылған «Миссия выполнима» имидждік деректі фильмінің продюсерлері мен авторлары наградталды.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД
19 қазан күні облыстық қазақ драма театрында облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаевтың, Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы, генерал-майор Ж. Жұмашевтың және департамент жеке құрамының қатысуымен Құтқарушы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара басында жүргізушілер Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымовтың құттықтау жедел хатын оқып берді.
Облыс әкімінің орынбасары соңғы жылдары республикамызда да, одан тыс жерлерде де жоғары деңгейде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді шешуге қабілетті қуатты және жедел әрекет ету жүйесі қалыптасқандығын атап өтті.
Сонымен қатар, мереке құрметіне Бағдат Оразалдыұлы облыс әкімі атынан облыстың құтқару қызметінің бірқатар қызметкеріне алғыс хаттар табыстады. Атап айтқанда, облыстық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Н. Таубеков, ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы, полковник М.Хайрекенов, Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі В.Чалов, «Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы, азаматтық қорғау майоры Н. Селимов, ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Б.Ихсанов, ТЖД Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімшесінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны М. Ханафеев, ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері, майор Е. Альмешев, ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Н. Мусиев және т.б. марапатталды.
Өз кезегінде Жасұлан Қыдырғожаұлы департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлеріне марапаттар табыстады. Осы күні Ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың бұйрығымен «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен Қазталов ауданы Г. Байғалиева атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Н. Айболат марапатталды. Ол осы жылдың 5 мамырында Қошанкөл ауылындағы тоғанға батып бара жатқан үш жасар баланы құтқарған болатын. Медальды облыстық ТЖД бастығы, генерал-майор Ж. Жұмашев табыс етті.
Сондай-ақ, мерекелік шара барысында қонақтар мен қатысушыларға елдегі құтқару жүйесінің құрылу тарихы, қызметтік міндетін орындауда ерлік танытқан ардагерлер мен қызметкерлер туралы бейнеүзік көрсетілді.
Концерттік бағдарлама облыстық филармония әртістерінің шырқата салған әндерімен аяқталды.

Астана қаласы ТЖД
19 қазанда №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған азаматтық қорғау қызметінің қызметкерлері құрметіне салтанатты гүлшоғын қою рәсімі өтті.
2016 жылы естелік саяжолында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болғандардың құрметіне ескерткіш орнатылып, олардың есімдері ержүрек батырлар ретінде есте сақталып қалады. Қаза болғандарды еске алу үшін тек қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар, балабақша, мектеп балалары да келді. Балалар үшін өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайының меңгерушісі Құралай Камелова қызықты да танымдық экскурсия жүргізді.
Осы күні Астана қаласы ТЖ департаментінде салтанатты жиналыс өтті. Шараға азаматтық қорғау саласы ардагерлері, астаналық гарнизонның басшылары, жеке құрамы, аудандық әкімдік өкілдері қатысты.
Іс-шараны Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Барат Дұзақбаев құттықтау сөзімен ашты. Өз баяндамасында Азаматтық қорғау басқармасының орынбасары Қахарман Оразалин табиғи және техногенді ТЖ алдын алу және жою, азаматтық қорғау саласындағы жеткен жетістіктер туралы айтып өтті. Жаңадан азаматтық қорғау қызметіне қабылданған жас қызметкерлер ант қабылдады.
Кәсіби мереке қарсаңында төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою мемлекеттік жүйесін нығайту және дамытуға қосқан үлестері үшін бірқатар қызметкер ведомстволық марапатпен марапатталды.
Сонымен қатар, Барат Дұзақбаев қыркүйек айында 10-қабаттан құлап кеткен баланы құтқарған Артем Каревты медальмен марапаттады.
Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Петропавл қалалық Мәдениет үйінде ТЖ департаментінің қызметкерлері мен ардагерлерінің кәсіби мерекесі – Құтқарушы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
ТЖ комитетінің аумақтық органының жарақтандырылуын көрсету мақсатында ғимараттың алдында «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мен «Жедел-құтқару жасағы» ММ өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының техникалары мен жабдықтары көрмеге қойылды.
Гарнизонның жеке құрамы, қызметкерлер мен ардагерлерін облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев құттықтады. Ол азаматтық қорғау қызметтерінің республиканың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етудегі маңызы зор екенін атап өтіп, департамент қызметкерлеріне кәсіби қызметте алдағы уақытта табыс тіледі. «Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өздерінің қажырлы еңбегімен, қайсарлығымен, кез келген уақытта адамдарға көмекке келуге дайындықтарымен халық алдында құрмет пен беделге ие болды», – деп атап өтті Антон Владимирович.
Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов мерекелік баяндама жасады. Ол ІІМ ТЖК аумақтық органының қызметкерлерін мерекемен шын жүректен құттықтап, департаменттің әрбір қызметкерін еліміздің ұзақ жылдар бойы алға жылжуын анықтайтын бағдарламалық құжаттарда Мемлекет басшысы қойған мақсаттарды іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.
«Бұл күні Сіздерге халықты және нысандарды апаттан, өрттен және табиғи апаттардан қорғаудың қиын, бірақ игі істе табыс тілеймін және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері алдағы уақытта Қазақстан халқының игілігі үшін өзінің қызметтік борышын үлгілі орындауда өз күш-жігерін, білімі мен іскерлігін танытатынына нық сенім білдіремін. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын және бақыт, денсаулық, бейбіт аспан тілеймін!», – деді Рамиль Фаткулұлы өз құттықтауында.
Ол департаменттің үздік қызметкерлері мен ардагерлерін марапаттады. Айтулы күні Ішкі істер министрлігі мен ТЖ комитетінің, облыстық ТЖД бастығының және облыс әкімінің ведомстволық наградалары, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары 40 ардагерге, департамент қызметкерлеріне, облыстың жергілікті атқарушы органдары мен жұртшылық өкілдеріне тапсырылды.
Сахнаға құттықтау үшін ТЖ басқармасының аға инженері, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Руслан Ерденов көтерілді. Ол – гір спорты бойынша спорт шебері. Департаменттің абыройын бірнеше рет қорғап, республикалық және облыстық жарыстардың жүлдегері болды. Павлодар облысының Ақсу қаласында гір спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында 1-орын алды. Осы жылдың қазан айында Латвия Республикасында гір спорты бойынша Әлем чемпионаты өтіп, онда Руслан Ержанұлы ел намысын қорғады. Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев азаматтық қорғау офицеріне әлемдік деңгейдегі жарыстарда жеңіске жеткендері үшін алғысын білдіріп, облыс әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлық табыс етті.
Сонымен қатар, департамент бастығының алғыс хатымен Петропавл қаласының оқушылары арасында «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында өткен суреттер байқауының жеңімпаздары Александра Голубевская (№9 ОМ), Никита Бражник (№43 ОМ), Елизавета Моисеева (№5 ОМ) марапатталды.
Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты, онда қатысушылар мен қонақтарды облыс орталығының әншілері мен ансамбльдері әндерімен және би нөмірлерімен қуантты.

Евгений ЖУРАВЛЕВ

Ақтөбе облысы ТЖД
Әлемдегі ең асыл және жанкешті мамандық иелері – құтқарушылар 19 қазан күні төл мерекелерін атап өтті. Тек адал және өз ісін сүйетін адамдар ғана осы салада жұмыс істей алады.
Бұл күні ең алдымен өртке қарсы қызметтің еңбек сіңірген ардагері Туульдук Баетовті еске алуға арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Ескерткіш тақта №4 Өрт сөндіру бөлімінің қасбетіне орнатылды.
Одан кейін Шығармашылық академиясы ғимаратының алдындағы алаңда азаматтық қорғау саласындағы апаттық-құтқару жабдықтары мен технологияларының көрмесі өтті.
Одан әрі Шығармашылық академиясының ғимаратында Құтқарушы күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекеге облыс және қала, аудан басшылары, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараның ресми бөлімінде облыс әкімі С. Туленбергенов, қала әкімі И. Испанов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Айтқұлов және Ақтөбе облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Б. Сыздықов құттықтау сөз сөйледі.
Кәсіби мерекеге орай үздік құтқарушылар мен азаматтар (40-қа жуық адам) Ішкі істер министрі, ІІМ ТЖ комитеті төрағасы, облыс және қала әкімі, сондай-ақ, департамент бастығы атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Ерекше көзге түскен құтқарушылардың жұмысы арнайы наградалармен бағаланды. «ӨС және АҚЖҚ» ММ №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры А. Үмбетбаев «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «ӨСжАҚЖҚ» ММ №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Ж. Сұлтанов «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен, «ӨС және АҚЖҚ» ММ құтқару бөлімшелерінің басшылары – құтқарушылары В. Косовец және Н. Бозшин ІІ және ІІІ дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгілерімен марапатталды.
Қала әкімі И. Испанов «ӨС және АҚЖҚ» ММ және Ақтөбе қаласы ТЖ басқармасына салтанатты түрде жергілікті бюджет есебінен сатып алынған екі «УАЗ» өрт сөндіру автокөлігінің кілтін табыс етті.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Жас Отан» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы А. Бүркіталин және Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Е. Нұрғалиев Ақтөбе облысының ТЖД бастығының қолынан грамоталар алды.
Сонымен қатар, өрт кезінде тұрғындарды эвакуациялауға көмек көрсеткені үшін Александр Тимошенко, Владимир Калмыков, Абу Барсайұлы және Юнус Суналов марапатқа ие болды.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*