Халық сенімі бәрінен қымбат

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасында семинар-кеңес өтті.
Шараға «На страже» газетінің бас редакторы Ануар Омар қатысып, темір жол сақшыларына Жолдауда сөз болған құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажеттігі туралы тараптарға тоқталып, Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдау және бұл реформа 2019 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге асатыны туралы ой қозғады.
«Жолдауда полиция қызметін сервистік модельге көшіру қажет екендігі де сөз болды. Президент өз сөзінде полиция қиын кезде адамдарға көмектесуі қажет. Тәртіп сақшысы адам ұрғыш таяққа айналмауы керек. Алматы мен Астанадан басқа қалаларда да қауіпсіздік мәселесі бірінші орында болуы шарт және бұл үшін бүкіл қалаларда да қауіпсіздік мониторинг жүйелерімен жабдықтау қажет. Содан кейін ғана қоғам тарапынан полицияға деген сенім артады», – деді өз сөзінде бас редактор.
Залда отырған полиция қызметкерлері бас редакторға семинар-кеңес төңірегінде сөз болған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тұщымды жауап алды.

Астана стансасындағы ІІЖБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*