Адам құндылығына әділ баға

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазандағы Жолдауы тұтастай қарапайым азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін, әл-ауқатын өсіруге бағытталған негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге арналған.
Президентіміз алдыңғы халыққа Жолдауында инновациялық даму және «ақылды» технологияны енгізу мәселелері туралы айтқан болса, ал бұл жолы Қазақстан азаматтарының тұрмысының сапасы мен кірістерін ұлғайту қажеттілігіне және әлеуметтік ортаның өзгеруіне назар аударылған.
Мұнда, сонымен қатар, жемқорлықпен, бюрократиямен, формализммен, тариф бағаларының өсуімен күресу және шағын бизнесті қолдау мәселелері талқыланды. Мемлекет пен экономика секторы да қолдаусыз қалған жоқ, онда «экономика экономды болу қажет» деген үндеу айтылды. Халықтың тұтыну тауарларының ауқымды номенклатурасын өндіруді игеру ұсынылды.
Президенттің ең төменгі жалақы мөлшеріне көңіл аударғаны қуантады, ол 2019 жылдың басынан бастап бір жарым есеге көбейетін болады. Ол халықтың денсаулығына, отандық медицинаны жетілдіруге, білім мен ғылымға, мүмкіндіктері шектеулі қазақстандықтарға тиімді орта құруға үлкен көңіл аударды. Бұл адам құндылығын әділ бағалау және Қазақстанда өмір сүруге және жұмыс істеуге жайлы жағдай жасалатын уақыттың басталғанын айғақтайды.

Бағдат ДАНИЛОВ,
Жамбыл облысы ТЖД бастығы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*