Шымкенттегі шырайлы кеш

Шымкент қаласының Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясында өткен «Ел жүрегі – Астана» патриоттық ән байқауы өз мәресіне жетті.
Тартысты өнер додасына республикамыздың өңірлерінен алты команда қатысып, 3 номинация бойынша бағын сынады. Қатысушылардың орындаған шығармалары жиналған қауымның көңілінен шығып, оларға жоғары баға берілді. Бұл үрдіс әлі де жалғасын табады.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Балалар вокалы» (эстрадалық) номинациясында бірінші орынды Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінен Айлуна Дагилова ие болды. Көліктегі Ішкі істер департаментінен Дария Сапарова 2-орынға жайғасты. 3-орынды Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінен Мақсат Маратов иеленді.
Қазақ ұлттық аспаптарынан құрылған оркестрмен өлең айту номинациясында 1-орынды Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің аспаптар оркестрі иеленді. Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне 2-орын бұйырды. 3-орынды Көліктегі Ішкі істер департаментінің командасы жеңіп алды.
Вокалды-аспаптар ансамблі номинациясы бойынша Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері 1-орынға ие болды. Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің командасы 2-орынды қанағат етті. 3-орын Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментіне бұйырды.
Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*