Өрт бөлімшелері жұмысымен танысты

Парламент Мәжілісінің депутаттары Ақмола облысының Целиноград ауданындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысымен танысты.
5 қазанда Ақмола облысы, Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне мүше депутаттар В. Олейник, А. Смағұлов, М. Магерамов Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметіне қарасты Ақмол ауылындағы №22 Өрт сөндіру бөлімінің, Жайнақ ауылы «Агрофирма Ақтық» ЖШС-нің ерікті өрт сөндіру құрылымдары жұмысымен танысты. Сонымен қатар, «Астана халықаралық әуежай» АҚ-тың мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің объектісіне барып шықты.
Бүгінгі таңда республикамызда 422 өрт сөндіру бөлімшесі және түрлі функционалдық мақсаттағы 2695 өрт техникасы бар. Мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері жеке құрамының саны – 17 729 адам.
Жыл сайын елімізде өрт сөндіру бөлімшелері 45 мыңнан астам өрт болған жерге барады. Тек 2017 жылы өртті жою және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өрт сөндірушілер 4 мың адамды құтқарып және 20 мыңнан астам адамды эвакуациялады.
2018 жылдың 9 айы ішінде өртті жою және апаттық-құтқару қызметі 2 806 адамды құтқарып, 15 159 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.
2014 жылы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының қабылдануымен шалғай ауылдық округтерде өртке қарсы жүйені дамыту үшін әкімдіктердің құзыретіне мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде ең аз техникалық ресурстармен өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша тікелей норма бекітілді.
Жалпы, қазіргі уақытта ауылдарда 4814 ерікті өртке қарсы құралым бар, олардың қолдарында 8 мыңнан астам өрт сөндіру автокөлігі, бейімделген техника мен өрт сөндіру мотопомпалары бар. Жеке құрамда 50 мың адам жұмыс істейді.

ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*