Мектептегі үгіт жұмыстары

Ақмола облысы «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінде Көкшетау техникалық институтына түсу бойынша үгіт жұмыстары басталды.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына түсу және өрт сөндіру бөлімшелеріндегі бос орындарды жинақтау бойынша үгіт жұмыстарды бастады.
3 қазанда Көкшетау қаласының №6 орта мектебінде Кадр жұмысы бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ж. Шаяхимов пен бөлімнің инспекторы, азаматтық қорғау лейтенанты А. Құрманғалиева үгіт жұмыстарын өткізді. Онда оқушыларға Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқу бөліміне қабылдау және азаматтық қорғау органдарында жұмыс істеу, мемлекеттік қызметке сынақ тапсыру және азаматтық қорғау органдарында қызмет ету тәртібі туралы толығырақ баяндалды.
Барлық түлектер үшін талапқа сай құтқарушылар қатарына қабылдануға мүмкіндік бар: жасөспірім ер жігіттер үшін бойы 165 см-ден, қыздар 160 см-ден төмен емес, кемінде орта білімі, денсаулығы бойынша жарамды болуы тиіс. Өткізілген іс-шаралар имиждік бейнероликтерді көрсетумен жалғасын тапты.
Кездесу соңында оқушылар азаматтық қорғау органдарында жұмысқа орналасуға қызығушылық танытып, сауалдарын жаудырды. Оларға жан-жақты жауап беріліп, насихаттық буклеттер таратылды.

А. ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, Ақмола облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*