Ардагерлерді марапаттады

Қылмыстық іздестіру қызметінің құрылған күніне орай Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінде салтанатты шара ұйымдастырылды.
Шара қызмет бабында қаза тапқан полицейліктерді еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Қалдығұлова мен Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дәулеталин құттықтау сөз сөйлеп, тәртіп сақшыларының қиын да жауапты міндеттеріне сәттілік тіледі.
– Өңірдің криминогендік ахуалы қылмыстық іздестіру қызметіне тікелей қатысты. Өйткені, жедел уәкіл тек қана құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік үшін емес, сондай-ақ, қылмыскерді ізін суытпай іздеуге міндетті. Сондықтан ең жауапты міндетті абыроймен атқару жедел уәкілдерге үлкен жауапкершілік жүктейді, – деп атап өтті Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махамбет Абисатов.
Салтанатты шара барысында жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан елеулі үлестері үшін ішкі істер органдарының бір топ ардагері «Қылмыстық іздестіру қызметіне – 100 жыл» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіне қосқан елеулі үлестері үшін құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдардың басшылары да мерекелік төс белгімен марапатталды.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*