Әлем чемпионын қарсы алды

Жуырда Болгария Республикасының Варна қаласында қыздар мен жасөспірімдер арасында VIII әлем чемпионаты өткенін хабарлаған болатынбыз.
Жарыс оқу мұнарасының екінші және үшінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу, тосқауылдары бар 10 метрлік жолақты жүгіріп өту, 4х100 метр өрт эстафетасы және өрт сөндіру мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю (өрістеу) кезеңдерінен тұрды.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасында біздің облыстың спортшысы Роман Андрющенко да қатысып, жауынгерлік шабуылда әлем чемпионы атанған еді. Ол жауынгерлік шабуылда 20.17 секунд уақыт көрсетті.
Туған жеріне табан тіреген әлем чемпионын темір жол вокзалында туғандары мен жақындары, сондай-ақ, қызмет бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Мұрат Баев құшақ жая қарсы алды.
Роман Андрющенко – Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің 1-курс студенті. Жас жеңімпаздың спорттағы жолына толағай табыстар тілейміз.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*