Баспанаңды өрттен сақта

Осы жылдың басынан Тараз қаласында 156 өрт оқиғасы тіркеліп, 18 млн теңге көлемінде материалды шығын келген. Тілсіз жаудан 6 адам көз жұмып, 3 адам әртүрлі дәрежелі жарақат алған.
Жасалған талдау бойынша өрт оқиғаларының 70% жеке тұрғын үйлерде орын алған.
Осы көрсеткіштерге байланысты, қазан айында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының, Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі, Жамбыл облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері Тараз қаласы әкімдігінің өкілдерімен бірлесе отырып, Тараз қаласы аумағында тұрғын секторларды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындарға өрттің алдын алу туралы жадынамалар таратылып, пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті.

Талғат АЙТБАЕВ, Тараз қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*