Мейірім мекені

Жыл сайын Орал қаласында республикалық деңгейдегі жұлдыздардың қатысуымен «Гранд бал» қайырымдылық балы өтеді. Дәстүрге айналған төртінші қайырымдылық балы қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі және ауыр дертпен ауыратын балаларға арналды. Қазақстан эстрадасының жұлдыздары балалар мен қарттар үйлеріне барып қайтты.
Балға 100-ден астам адам қатысты, оның 8-і Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері. Дебютанттар «Мейірім мекені» қайырымдылық акциясына қатысып, аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетті.
Қызыл кілемге Тамара Асар, Гүлнұр Оразымбетова, Нұрлан Қоянбаев, Динара Сәтжан, Мөлдір Әуелбекова, Төреғали Төреәлі, Асылхан Төлепов, Рүстем Жүгінісов, Нұрболат Абдуллин, «Бастау» тобы және т.б. жұлдызды қонақтар келді.
Қазақстандық эстрада жұлдыздарынан басқа балға шетел қонақтары шақырылды. Аға ұрпақ та назардан тыс қалған жоқ. Жас дебютанттармен бірге қарт адамдар күніне орай әжелер мен аталар өздерінің биін орындады.
Әрбір шақырылған қонақ іс-шараның бір бөлігі болды. Бал барлық қонақтардың қатысуымен орындалған үлкен бимен аяқталды.

А. ӘДІЛБЕКОВ, Орал қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*