Балабақшадағы бүлдіршіндер сайысы

«Өрт қауіпсіздігі айлығы» шеңберінде Атырау қаласындағы «Нұрсая» балабақшасында «Өрт сөндірушілер» атты ойын-жарыс өтті.
Жас өрт сөндірушілер «Жұлдыз» және «Ақжелкен» топтарына бөлінді. Әділқазы ретінде Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері шақырылды.
Спорттық сайыста командалар өрт сөндіру қызметін шақыру, отты сөндіру, шартты өрттен ойыншықтарын құтқару тәрізді әртүрлі кезеңдерден өтті. Жас спортшыларға өздерінің мықтылығын, ептілігін, кедергілерден өтудегі икемділіктерін, ең бастысы – өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша білімдерін дәлелдеу керек болды. Эстафеталар кезінде балалардың мықты дайындықтары мен жауапкершіліктері байқалды.
Ойын алаңында мерекелік атмосфера мен достық леп сезіліп тұрды. Топ ойыншыларының кішкентай жанкүйерлері өз спортшыларына ерекше ықыласпен қолдау көрсетіп отырды.
Сайыс қорытындысында жеңімпаздар мен қатысушылар грамоталармен марапатталды. Атырау қаласы ТЖБ қызметкерлері өз кезегінде балаларға өрт қауіпсіздігінің тұрмыстағы қарапайым ережелерімен, өрттің себептерімен таныстырып, өрт кезіндегі іс-әрекеттерді қайталап өтті.

Э. ҒҰМАРОВА, Атырау қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*