«Саламатты Қазақстан» – Кереку өңірінде

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Павлодар облысының Қалқаман ауылына келді.
28 қыркүйектен бастап Қалқаман кентінің тұрғындары толық медициналық тексеруден өтіп, «Саламатты Қазақстан» пойызының мамандарымен кеңес алуға мүмкіндік алды.
«Медициналық пойыздар» жобасы – еліміздің тарихында бұрын-сонды болмаған әлеуметтік жоба, қалалардан алыста тұратын адамдарға жоғары білікті медициналық көмек алуға мүмкіндік.
Медициналық пойыз екі әлеуметтік маңызды мәселені шешуге көмектеседі: медициналық қызмет көрсетудің жалпыға қол жетімділігін және пациентке медициналық көмек көрсетудің бірыңғай жоғары сапасын қамтамасыз ету.
Пойыз барлық қажетті диагностикалық аппаратурамен және 21 жоғары білікті медициналық кадрмен жабдықталған. Медициналық ұжым бірінші біліктілік санаттан төмен емес дәрігерлерден және орта медициналық қызметкерлерден тұрады.
Пойыз шағын стансалар мен разъездерге іргелес елді мекендердің азаматтарына қызмет көрсетеді. Өтініш білдірген халыққа медициналық қызмет көрсету тегін жүргізіледі. Ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енбейтін стоматологиялық көмек те көрсетіледі.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызында Қалқаман темір жол стансасынан 284 адам, оның ішінде 34 бала тексеруден өтті. Жалпы, 24 қыркүйектен бастап 1192 адам тексерілсе, соның 172-сі бала.

Ж. ТӨРЕХАН, Павлодар облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*