Ақпараттық тақтайшалар – әр үйге

Орал қаласында облыстық ТЖД қызметкерлері үйлердің кіре-берістеріне ақпараттық-профилактикалық тақтайшалар орнатуда.
Қыркүйектің 15-і мен қазанның 15-і аралығы облыста тұрғын үй секторындағы өрттерді азайтуға бағытталған өрт қауіпсіздігі айлығы деп жарияланды.
Қазіргі заманғы үйлерде өрттің шығу көздері көп, олар: ақаулы электр құралдары мен электр желілері, токтың шамадан тыс артуы, қараусыз қосулы күйде қалдырылған газ және электрлік пештер (плиталар), тұрмыстық техника, шала сөндірілген темекі тұқылдары, т.б.
Адам кесірінен өрттің туындау қаупін азайту үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетке айналуы қажет. Ол үшін өрт қауіпсіздігі мәслелері бойынша тұрақты, мақсатқа бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу талап етіледі.
Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстарды жандандыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері облыстық ТКШ басқармасымен бірлесіп апробациялық режимде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша және «101», «102» шұғыл қызмет нөмірі жазылған ақпараттық-профилактикалық тақтайшаларды 40 көппәтерлі тұрғын үйдің кіре-берістеріне орнатты.
Бұл тақтайшалар қала қауіпсіздік ережелерін сақтауды және төтенше жағдай бола қалғанда батысқазақстандық құтқарушылар дер кезінде көмекке келуге дайын екендігін қала тұрғындарының естеріне салады. Өрттерден сақтандыруға, сондай-ақ, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыратын тақтайшаларды орнату жұмысы жалғасуда.

А. ҚАДЫРОВ, Батыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*