Жау – ортақ, мақсат – айқын

Жуырда Айыртау ауданында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының шекаралас аумақтарында орын алған табиғи өрттерді жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев қатысып, басшылық етті.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары ТЖ департаменттерінің, «Көкшетау» мемлекеттік табиғи паркінің, облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің қызметкерлері қатысты.
Антон Владимирович құттықтау сөзінде аталған оқу-жаттығулар екі облыс арасындағы көпжақты байланыстарды одан әрі нығайтатынына, трансшекаралық ТЖ алдын алу және жою мәселелерінде, сондай-ақ, ынтымақтастықтың өзге де салаларында өзара іс-қимыл деңгейін арттыратынына сенім білдірді.
Айыртау және Зеренді аудандарының аумақтарында құрғақ, ыстық және желді ауа райы салдарынан шөп жанып, ол «Көкшетау» МҰТП және Куйбышев орман шаруашылығының орман алқаптарына өтті.
Төтенше жағдай орнына Айыртау ауданының №7 Өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары, полицейлер, Лобаново, Имантау ауылдарының ерікті өртке қарсы құрылымдары, Шалқар орман шаруашылығының орман өрттері стансаларының өрт сөндіру бөлімшелері жедел келді. Желді ауа райына байланысты оттың Зеренді ауданының балалар лагеріне және Лобаново ауылының елді мекеніне өту қаупі туындады.
Екі жақты өзара іс-қимыл шеңберінде ТЖ жоюға Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдарының тобы қосылды.
Бірлескен күшпен өрт қаупі бар ауылдардан тұрғындарды эвакуациялау ұйымдастырылды, үздіксіз су беру, өрт сөндіруге жұмылдырылған жеке құрамды антисанитарлық тұрғыдан қорғау, күштер мен құралдарды үйлестіру қамтамасыз етілді. Ауқымды шаралар кешені апаттарды тоқтатуға, адамдардың қаза табуына және жарақаттанушылыққа жол бермеуге көмектесті.
Оқу-жаттығуды қорытындылай келе, Антон Федяев Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары тарапынан жүргізілген маневрлерде үздік күштер: азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдар қатысқанын атап өтті. Олар осы іс-шараны өткізудің барлық кезеңдерінде күштер мен құралдарды тиімді басқару мен өзара іс-қимылдың тиісті деңгейін көрсетті.
«Өрт шекараны білмейді, сондықтан мұндай жағдайлар – әрдайым ортақ проблема. Бұл тәжірибе өрттерді және өзге де төтенше жағдайларды жоюға көмектеседі, бөлімшелер мен құрылымдардың жеке құрамының кәсіби деңгейін арттырады», – деді Антон Владимирович.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*