Пробациялық оқытудың жаңа форматы

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында Пробация қызметкерлерін оқыту орталығы ашылды.
XXI ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану – заман талабы. Елбасының сындарлы саясатының арқасында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық аясында Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» (EUCJ) ЕО жобасының қаржылық қолдауымен мультимедиялық кабинет және баспаханалық мультимедиялық кабинет сыйға тартылды.
Бірінші күннен бастап (EUCJ) ЕО жобасы Еуропалық стандартқа сәйкес білім беру қызметін одан әрі жетілдіру бойынша Академияға сараптамалы және техникалық көмек көрсетілді. Алдыңғы қатарда тәжірибелі зерделеуді дамыту бағытында Ұлыбританияға оқыту іссапары ұйымдастырылып, қызметкерлер үшін тренингтер ұйымдастырылды. Жоба, сондай-ақ, пробация қызметкерлерін оқыту орталығын ашуды қолдаған болатын. Пробация қызметкерлерін оқыту орталығы пробация қызметін одан әрі тек Қазақстанда ғана жүзеге асырмай, Орталық Азияда да жетілдіру көзделген.
Жоба халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстанда жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформаларды қолдауға бағытталған.
Жаңа білім беру технологиялары пробация қызметі үшін білікті мамандарды қайта даярлауға және оны тиімді ұйымдастыруға көмек береді.
Осыған орай, жуырда Академияға Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың өкілі және (EUCJ) ЕО жобасының өкілі Бен Зенгерик және Рауан Қанатбаевтың қатысуымен жаңа технологиялармен жабдықталған мультимедиялық кабинет және баспаханалық мультимедиялық кабинет салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараны Академия бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов пен Еуропалық Одақ өкілі Бен Зенгерик ашып, құрметті қонақ білім ордасының профессорлық-оқытушылар құрамын аталған іс-шарамен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.
Академия бастығы Мирлан Қызылов: «ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында бүгін айтулы күн. Еуропалық Одақ аясында Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру аясында 52 млн теңгеге мультимедиялық кабинет және мультимедиялық баспаханалық кабинет сыйға тартылды. Сол стратегиялық кешен жаңа форматтағы пробация қызметкерлерін дайындау үшін қажет. Оқу орталығының ашылуы 2019 жылдың 1 тоқсанына бекітіліп отыр», – деді.
Мультимедиялық кабинет қазіргі заман талабына сай компьютерлермен жабдықталған. Компьютерлер осы саладағы қызметке қарасты қажетті бағдарламалармен, схемалармен, көріністермен және тағы да басқа жазба нұсқауларымен қамтамасыз етілген.

О. УАҚПАЕВА, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*