Тәжік делегациясы келді

Қазақстан тәжірибесімен танысу мақсатында ІІМ-не Тәжікстан ІІМ делегациясы келді.
Тәжікстан ІІМ делегациясының құрамында Бас ақпараттық-аналитикалық орталығының бастығы Музафар Боймахмадзода, оның орынбасары Алишер Акбарзода және милиция реформаларын іске асыру және қоғаммен іс-қимыл жасасу жөніндегі ІІМ консультанты Нурали Халимов келді.
Іскерлік кездесу барысында қылмыспен күрес, тәртіп сақтау және азаматтардың құқығын және бостандығын қамтамасыз ету, ішкі істер органдары ақпараттық-аналитикалық қызметінде бағдарламалық-техникалық кешенді пайдалану саласында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Әсіресе, тәжік тарапын «Қазақстан Республикасы ІІМ Біріктірілген деректер банкі» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, дамыту және пайдалану тәжірибесі қызықтырды.
Одан басқа, Тәжікстан ІІМ өкілдері Қазақстан Республикасында қолданыстағы қылмыс және оқиғалар туралы хабарламаларды, арыздарды қабылдау және тіркеу жүйесімен танысты.
Іс-шара барысында тәжікстандық делегация ІІМ-нің Жедел жоспарлау орталығына, Астана қалалық ІІД Алматы аудандық ІІБ-ге барды.
Сонымен қатар, олардың қызметіне қатысты мәселелерді талқылау үшін Тәжістан ІІМ делегациясының ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу нәтижесінде Ішкі істер министрліктерінің ақпараттық іс-қимыл жасасу ынтымақтастығын дамыту бойынша қысқа және ұзақ мерзімді кездесулер анықталды.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*