Жітіқарадағы жемісті турнир

Жітіқара қаласындағы «Горняк» стадионында өрт сөндіру қызметінің ардагері Алтай Тулубаевты еске алуға арналған жыл сайынғы спартакиада аяқталды.
Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған ардагердің құрметіне әріптестері, қызметкерлер және жақын адамдар келді.
Жарысқа алты команда қатысты. Олар – Жетіқара қаласының №5 ӨСБ, Денисов ауданындағы №8 ӨСБ, Қамысты ауданындағы №9 ӨСБ, «Қостанай минералдары» ААҚ-ның НППА, апаттық-құтқару қызметінің және ардагердің туыстарының командасы.
Алтай Қуанышұлы 1930 жылы 20 қыркүйекте Жетіқара ауданының Красноармейск ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 12 жасында бастады. 1944 жылы ол «ҰОС сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 1939 жылы қала мәртебесін иемденуіне байланысты Жетіқарада алғашқы кәсіби өрт сөндіру командасы ұйымдастырылды. Команда үшін бөшкелер мен қолмен өрт сорғысы бар үш ат арба жабдықталған.
1950 жылы ол бөлімшенің командирі лауазымына тағайындалды. Ал 1954 жылдан бастап қарауыл бастығы болып қызметін бастап, зейнеткерлікке шыққанша жұмыс істеді (1991 ж.). Ол өз өмірінің 42 жылын азаматтық қорғау органдарына арнады. Сүйікті жары Маруаш апамен бірге тоғыз өз баласы мен асырап алған жеті баланы тәрбиелеп өсірді.
Спартакиада бағдарламасында шағын футбол, дартс, күштер мен жабдықтарды орналастыру, жауынгерлік киімдер мен жабдықтарды кию болды. Суық жел мен бұлтты ауа райына қарамастан, қатысушылар жеңіске жетуге дайын және әрбір балл үшін күресуге дайын екендігін көрсетті.
Спартакиада қорытындысы бойынша орындар былай бөлінді: шағын футболдан І орынды Қамысты ауылының №9 ӨСБ, ІІ орынды «Қостанай минералдары» ААҚ-ның НППА алды. Жауынгерлік киім мен жабдықтарды кию бойынша І орынды Денисов ауылының №8 ӨСБ, ІІ орынды Жетіқара қаласының №5 ӨСБ, ІІІ орынды апаттық-құтқару қызметінің командасы иеленді. Күштер мен жабдықтарды орналастыру кезінде І орын Жетіқара қаласының №5 ӨСБ, ІІ орын апаттық-құтқару қызметінің командасына, ІІІ орынды Қамысты ауылының №9 ӨСБ-не берілді.
Жалпыкомандалық есепте І орынды Денисов ауылының №8 ӨСБ командасы, ІІ орынды Жетіқара қаласының №5 ӨСБ және ІІІ орынды Қамысты ауылының №9 ӨСБ алды.

Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*