Спортшыларға бар жағдай жасалған

Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінде «сен тұр, мен атайын» дейтін көптеген тамаша қызметкерлер жұмыс істейді. Солардың бірі – жас спортшылар Айнұр Бекмағамбетова және Ғалия Алматова.
Бұл қызметкерлер жыл сайын өрт-құтқару спорты бойынша облыстық, республикалық және әлемдік жарыстарға қатысады. Бірнеше рет жүлделі орындарды алды.
Жуырда Словакияның Банска-Бистрица қаласында әйелдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша V Әлем чемпионаты өтті. Оған әр елден 10 команда қатысты. «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлері Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында сынға түсіп, жалпыкомандалық есепте 4-ші орын алды.
Бұл әлем біріншілігі жаңа даму перспективаларын ашып, біреуге сәтті өтсе, біреу үшін күрделі өтті. Бірақ, кім-кімге болсын тәжірибе алмасу тұрғысынан пайдалы болды.
Қостанай облысы ТЖД командасында өрт-құтқару құрамасына бос орындар бар. Саламатты өмір салтын ұстанғысы келетін барлық спортшыларды өрт сөндіру қызметіне шақырамыз. Мұнда жұмыспен қатар, спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған.

Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*