Сақшылар сүңгуден сынға түсті

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 15 қызметкері сүңгу даярлығынан өтті. Тәжірибелі нұсқаушылардың бақылауымен полицейлер бассейнде ғана емес, Есіл өзенінің суына сүңгіп, даярлықтарын пысықтады.
Тамыз айында Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың офицерлері парашаюттен секіріп, әуе-десанттық даярлықтан өтсе, бұл жолы су астына сүңгудің түрлі әдістерін меңгерді.
ІІД басшылығы қызметкерлерді жылдың кез келген маусымында жауынгерлік тапсырманы орындауға дайын болуға машықтандырып келеді. Осыған байланысты мұндай сабақтар арнайы жасақтың әр офицерінен зор жауапкершілікті талап етеді. Қызметкерлердің айтуларынша, өзеннің суық суына кірген сәтте ең бастысы деміңді бақылау және үрейленбеу керек.
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командирі, полиция майоры Ерік Құлжановтың айтуынша, мұндай жаттығулардың мақсаты – қызметкерлерді жеңіл сүңгуге арналған құрал-саймандарды, жабдықтарды, арнайы техниканы қолдануға үйрету. Осындай оқу-жаттығуларды арнайы тапсырмаларды өздігінен не болмаса топ құрамында орындауы қажет.
Өткен сабақтардың нәтижелері бойынша Ішкі істер департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 15 қызметкеріне сүңгу даярлығынан өту туралы сертификаттар берілді. Тәжірибе көрсеткендей, полиция қызметкерлерінің жедел көмегі өткен жылы су тасқынынан қауіп төнген азаматтарға өте қажет болды. Тасқынның зардабы мен құтқарушылар мен алғы шепте болған сақшылардың дер кезіндегі көмегі тұрғындардың әлі де есінде.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*