Кеңестің кезекті отырысы өтеді

Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжановты қабылдады.
Кездесу барысында Мемлекет Басшысы Қауіпсіздік кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіруді жүзеге асыратын арнайы орган екенін атап өтті.
– Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заң Кеңестің өкілеттігін мейлінше кеңейтеді. Осыған байланысты нормативтік құқықтық базаны, соның ішінде құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының жұмысын реттейтін құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеу қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Ғ. Байжанов Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің алдағы жұмыстары жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*