Керекулік рекордшы қыз

№34 Өрт сөндіру бөлімі тылдық қамтамасыз ету тобының аға шебері Анастасия Потоцкая осы жылы Алматы қаласында өткен халықаралық турнирде «Шабуыл сатысымен көтерілу» және «Кедергілермен 100 метр жолақтан өту» бойынша ұлттық рекорд орнатты.
Ол 10-16 қыркүйек аралығында Словакияның Быстрица қаласында өткен әйелдер арасындағы V Әлем чемпионатына қатысып, тағы да тамаша нәтиже көрсетті.
Өрт-құтқару спортын дамытуға қосқан үлесі, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығына берілгендігі және азаматтық қорғау қызметкерінің имиджін көтергені үшін Анастасия Потоцкая «Қазақстан Республикасының өрт-құтқару спортына – 60 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
Лайықты марапатты Павлодар гарнизонының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Орат Исинов табыстады.

А. ЖАҚЫПОВА, Павлодар облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*