Шартты өрт жедел өшірілді

21 қыркүйекте Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «ParkAvenue 3-3» тұрғын үй кешені аумағында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – биік ғимараттарда өрт пайда болған кезде шұғыл қызметтердің жедел ден қоюы бойынша іс-қимылдарын пысықтау. Бақылаушы ретінде Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне мүше депутаттар В. Олейник, А. Смағұлов, Б. Дүйсембинов қатысты.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, құрылыс жұмысын жүргізу барысында кабельдік желілердің зақымдануынан кабельдік шахтадағы сымдардың тұйықталып, кейін кабельдер жанып, соның салдарынан қою түтін бөлініп, 5-қабаттан 18-қабатқа дейін таралды.
Объект күзеті өртті байқап, «101» телефон нөмірі бойынша өрт байланысының орталық пунктіне хабарлайды. Ғимараттан адамдарды эвакуациялауға және өрт сөндірудің алғашқы құралдары арқылы өртті сөндіруге кіріседі.
Оқиға орнына жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері және жол-патрульдік полициясы қызметімен шұғыл ден қою қызметтері жіберіледі. Шұғыл жеткен өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері жай-күйді жедел бағалап, іс-әрекет бағыттарын анықтайды және жедел түрде өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын бастайды. ПИК, өзара әрекет ету қызметтері өкілдерімен бірлесіп, өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды және өрт сөндіру мен адамдарды құтқару бойынша учаскелер құрылды.
Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері улы газбен уланған және электр тоғы салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетті, зардап шеккендерді жақын жердегі медициналық мекемелерге тасымалдады. Оған дейін Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы зардап шегушіні құтқарушының сүйемелдеуімен төменге түсірді.
Жедел ден қою қызметінің үйлесімді және жедел іс-қимылы нәтижесінде жалпы аумағы 50 шаршы метрді құраған шартты өрт сәтті жойылды.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*