Рухани жаңғыру музейден басталады

Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы Шиелі ауданындағы музейлерінде болып, жәдігерлерді тамашалады.
Қазіргі жаһандану заманында әрбір ұлттың өзінің ұлттық рухани болмысын іздеуі – заңдылық. Ұлттық сана сілкінісін тудырар Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – келешекке айқын бағыт сілтейтін құнды құжат.
Осы ретте алдымен департамент қызметкерлері «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында жалпыұлттық маңызға ие Оқшы Ата кесенесінде жүргізілген жаңғырту жұмыстарымен танысты. Оқшы Ата кесенесі – көне заманнан бері келе жатқан тарихи құндылықтардың бірі. Архитектурасы ІX-X ғасырдан бас-талады.
Одан соң олар Шиелі ауданы, Ыбырай Жақаев ауылында Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің жәдігерлерін тамашалады. Бұл музей 1978 жылдан 1982 жылға дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Шиелі ауданындағы филиалы ретінде жұмыс жасады. Ал, 1982 жылдан бастап Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі ретінде халыққа қызмет көрсетіп келеді. 2008 жылы ауылдың шаруашылық төрағаларының және ақсақалдарының келісімімен және қолдауымен ауыл орталығындағы бұрынғы екі қабатты шаруашылық кеңсесі музей есебіне қайтарымсыз беріліп, музей қайта жаңғыртылды. Бүгінде музей қорында 9472 дана экспонат бар.
Мұнан соң департамент мамандары Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі экспонаттарды тамашалады. Бұл музей 2017 жылы Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі ретінде ашылып, құнды кітаптарды, картиналарды, тарихи құжаттарды, материалдық мәдени заттарды ерікті түрде табыстау акциялары өткізіліп, тарихи мәліметтер мен көне жәдігерлер жинақталды. Қазіргі күні музейге өлкенің тарихынан сыр шертетін 1500-ге жуық экспонат қойылған.
Шиелі ауданындағы музейлер жәдігерлерін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 30 қызметкер тамашалады.

Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*