Өрт шыққан жағдайда…

Жуырда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінде мекеменің әкімшілік ғимаратында өрт шыққан жағдайда қызметкерлердің іс-әрекеттерін жетілдіру мақсатында Қызылорда қаласының №2 Мамандандырылған өрт сөндіру мекемесімен бірлесіп «Өрт болған жағдайда» оқу-жаттығу сабағы өтті.
Шараға өрт сөндіру экипажы автокөлігі мен мекеме қызметкерлері және еріктілерден құралған өртті сөндіру топтары қатысты.
Өрт қаупі туындаған және төтенше жағдайлар кезінде адамдарды қауіпсіз жерге көшіру, алғашқы медициналық көмек беру, іс-құжаттарды және мекеменің мүлкін сақтап қалу бойынша жеке құрамға нұсқаулық жүргізілді. Әкімшілік ғимаратындағы арнайы есепке алу бөлімінде кенеттен өрт шығу салдарынан өрт-дабыл жүйесі іске қосылады. Өрттің шыққанын арнайы есепке алу бөлімінің қызметкері байқап, уақытында орталық басқару пультіне хабарлайды. Орталық басқару пультіндегі бақылаушы-оператор мекеме бастығының кезекші көмекшісіне баяндап, тиісті шаралар қабылдады. Мекеменің сыртқы және ішкі қарауыл күзеті күшейтіліп, бекеттерге қосымша бақылаушылар қойылып, белгіленген тәртіппен әрекет жасады. Әкімшілік ғимаратта мекеме қызметкерлерінен құралған ерікті өрт жасағы алғашқы өртті сөндіру шараларын қабылдап, дер кезінде келген өрт сөндіру экипажы толықтай орын алған өртті сөндіруге кірісті.
Өрт оқиғасы бойынша оқу-жаттығу сабағының өткізілуі кезінде мекеменің жеке құрамының іс-әрекеті қорытындыланды. Оқу жаттығу шаралары қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Өз өмірі мен материалдық құндылықтардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған кезекті шара жоғары денгейдегі дайындықты көрсетті.

А. БАТЫРБЕКОВ, Қызылорда облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*