Орынборға көмекке аттанды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне көршілес Орынбор облысында құрғақ шөптің жануы орын алғаны және жақын аймақтардағы ауылдарға қауіп төнгені, осы орайда өртті сөндіру үшін қосымша күш пен құрал қажеттігі туралы ақпарат келіп түсті.
Сол күні Ақтөбе облысында жедел штаб жұмысын бастады.
Департамент басшылығы «ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен РФ ТЖМ Орынбор облысы бойынша басқармасы арасындағы өзара әрекеттесу жоспарын» орындау мақсатында өртке қарсы қызмет күші мен құрылымынан 36 адам мен 4 техниканы, оның ішінде Қарғалы ауданы ерікті өртке қарсы құрылым жасағынан 10 адам мен 1 техниканы орынборлық әріптестерге көмек беруге жіберді.

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*