«Альтернативник» тәртіпті тексерді

Ақтөбе облысында 10-21 қыркүйек аралығында «Альтернативник» атты республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтіп жатыр.
Ішкі істер органдары мен пробация қызметінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру, пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңадан құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Мұғалжар аудандық №1 Пробация кызметінің қызметкерлері Мұғалжар аудандық ІІБ-нің қызметкерлерімен бірлесіп, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандардың мекенжайларын тексеру бойынша, қайта қылмысты болдырмау мен жаза өтеуден бой тасалаудың алдын алу бағытында іс-шаралар атқаруда.
Пробация қызметінде есепте тұрған, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған А. есімді азаматшаның сот жүктеген міндеттерді бұзып, әкімшілік аумақ шегінен тысқары шыққаны және әкімшілік құқық бұзушылыққа бірнеше рет жол бергені белгілі болып, бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы аудандық сотқа жолданған іс қазіргі таңда қаралып жатыр.
РПІШ кезінде бірлескен тексеру жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында сотталғандардың тұрмыстық жағдайларын толық зерттеп, кіммен тұратыны, баспанасының бар-жоғы, жұмыспен қамтылғаны, т.б. өзекті мәселелер қамтылып, жақындарымен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Мадияр МҰСАБАЕВ, Ақтөбе облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*