Буындар бәске түсті

Өртпен күрес ерекше дене дайындығын талап етеді. Өйткені, өрт сөндірушілердің дене дайындығы – төтенше жағдайлардағы жетістіктердің басты кепілі.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі өрт сөндірушілердің жан-жақты дамуы мақсатында «Өрт сөндіру кроссфиті» бойынша жарыс өткізді.
Жарыс барысында турникке тартылу, 10 метрге автокөліктің шинасын жылжыту, автокөлікті бір орыннан басқа орынға жылжыту, өрт сөндіру құбырларын 20 метрге тасымалдау, 10 метрлік кедергінің астынан өту, оқу-жаттығу мұнарасының 4-ші қабатынан зардап шеккенді (манекенді) түсіру, су нысанына 10 литр суды 5 метр қашықтықтан толтыру тапсырмалары бірінен кейін бірі орындалды.
Жарыс басталар алдында жеребе тасталып, оған сәйкес газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарының жарысы өтті. Жалпы жарысқа 5 команда қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Осылайша 4-ші қарауылдың газ түтіннен қорғау қызметінің 1-ші буыны жеңімпаз атанды. 2-орынды 1-ші қарауыл алса, 3-орынға 3-ші қарауыл ие болды.
Жарыстың соңында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ғалымжан Әбдірахманов осындай іс-шараларды өткізу өте маңызды және қажет екенін айтып өтті.

Асқар БАЗАРБАЕВ, Жамбыл облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*