Өрт қауіпсіздігі айлығы

Жамбыл облысы ТЖ департаменті қызметкерлері тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын бастады.
Өрттер мен олардың салдарынан адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрақты түрде түсіндіру, облыстың тұрғын үй секторында өрттер мен улы газбен улану оқиғаларының алдын алу мен оларды болдырмауға бағытталған үгіт-насихаттау жұмыстарын атқарып отырады.
7 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары 14 қыркүйек пен 15 қазан аралығында тұрғын үй секторы, жем-шөп сақтау орындары мен автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу жоспарын бекітіп, осы жоспар шеңберінде департамент қызметкерлері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту және өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізетін болады. Бұл жұмыс баспасөз беттерінде мақалалар жариялау, жергілікті телеарналар мен радиолар арқылы хабарламалар беру, кино, теле және бейнефильмдер көрсетуді ұйымдастыру, тұрғын үй аулаларында, көшелерде, елді мекендерде, әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінде, көлік және байланыс кәсіпорындарында, емдеу және білім беру мекемелерінде конференциялар, нұсқаулықтар, кеңестер беру және тақырыптық дәрістер оқу, сондай-ақ, оқушылар және студенттермен өрт техникалық орталық базасында кездесулер өткізу, білім беру мекемелерінде интерактивті сабақтар ұйымдастыру арқылы іске асырылатын болады.
Өрттің алдын алу және жол бермеу жұмысы кезінде тұрғындар арасында жүргізілетін үгіт насихат іс-шараларын жоспарлы, біркелкі және жүйелі түрде өрістету арқылы азаматтарымыздың өрт қауіпсіздігіне деген көзқарастарының деңгейін арттыруға және тұрғын үйлердің өртке қарсы қорғанысын күшейтуге мүмкіндік мол.

Берік САТЫБАЛДИЕВ, Жамбыл облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*