ЖБО-дағы жаңа тәжірибе

Халыққа тәуліктің 24 сағатында қызмет ететін Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының Жедел басқару орталығының қызметі қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмыстарды ашу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында маңызы зор.
Қандай да бір шағымы немесе наразылығы бар облыс тұрғындары ең алдымен кезекші бөлімге хабарласып, араша сұрайды. Кезекшілік бөлімде тіркеп алу ғана емес, сонымен бірге, кезекшілік уақытында қылмысты жедел ашу үшін полицияның кешенді күшін тиімді пайдалану, алғашқы тергеу жұмысын сапалы жүргізу жұмыстары толыққанды ұйымдастырылып отырады.
Мәселен, түскен хабарламаны қабылдаған кезекші жедел жоспарлау орталығына жолдап, жедел тергеу тобы тез арада оқиға орнына жетеді.
Қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында әскери-қызметтік дайындық аясында жауапты кезекшілер мен Жедел басқару орталығы операторларының кезекшіліктен тыс уақытта оқиға орнына баруы тәжірибеге енгізілді. Оқиға орнына барған кезекшілер полиция жасағы, учаскелік полиция инспекторлары мен жедел тергеу тобының құқық бұзушылықтарды рәсімдеу барысымен етене танысуына мүмкіндік алады.
Ауысым соңынан кезекшілер атқарылған жұмысты қорытындылап, департамент бастығының орынбасарына есеп береді. Басшылық өз кезегінде кезекшілердің қызметіне баға беріп, оның кәсіби деңгейін арттыруға ұсыныстар енгізеді.
Осы жылдың қыркүйек айының 1-6 күндері аралығында Қызылорда қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының «102» арнасына азаматтардан келіп түскен полицияның құзырына жататын хабарламалардың саны – 514-ті құраса, оның ішінде қылмыс құрамы барлары – 74, әкімшілік құқық бұзушылықтар – 219, басқа да хабарламалар – 214.
Облыс орталығында Қызылорда қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының «102» арнасына күнделікті келіп түскен хабарламалар, оның ішінде қылмыс пен құқық бұзушылықтар талданып отырады. Олар бойынша ішінара хабарламашылардың ұялы телефонына хабарласып, Жедел басқару орталығының 102 операторлары шұғыл, сапалы және сыпайы түрде қабылдау барысына, оқиға басына полиция жасақшалары мен жедел-тергеу топтары уақытылы баруына және сапалы қызмет атқару сапасына бағалау жұмыстары жүргізілуде.
Келіп түскен хабарламалар бойынша хабарламашылармен байланысып, тексеру барысында, азаматтар ішкі істер органдарының көрсеткен қызметіне көңілі толатындықтарын айтып, полиция қызметкерлері қысқа мерзімде келіп қызмет көрсеткендері жайлы оң пікір білдіруде.
Осы орайда, полиция қызметіне енгізілген бұл жаңа өзгерістер оң нәтиже беруде. Біріншіден, полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейі, жұмыстың тиімділігі артса, екіншіден, халықпен сенімді байланыс орнайды.
Себебі, ішкі істер органдарының қызметі – халықтың сенімі арқылы өлшенеді.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*