Келденнің келуіне орай кездесу

Батыс Қазақстан облысына жұмыс бабымен «Қазақстандық төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің ұйымы» АҚ төрағасы Әбдірахман Келден келіп, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Ж. Жұмашевпен кездесті.
Шараға департамент басшылығымен қатар, Батыс Қазақстан облысы ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Машанов қатысты.
Кездесу барысында Әбдірахман Келден өзінің қала туралы әсерлерімен бөлісіп, департаменттің жылы қабылдауы мен қонақжайлылығына алғыс білдірді.
– Абдрахман Есенұлы, мен сізді тек табиғатқа ғана емес, сонымен қатар, қазақ даласының көрнекті ұлдарына бай біздің Жайық өлкесінде кездестіргеніме қуаныштымын, – деді генерал-майор Ж. Жұмашев.
Департамент басшылығымен кездесу аяқталған соң әрі қарай А. Келден «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі» ММ басшылығымен кездесіп, онда қонаққа арнап кызмет ғимаратында шағын экскурсия өткізілді.
Ресми кездесулерден кейін ТЖ органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы Әбдірахман Келден қаланың ең көне өрт сөндіру бөлімшесі – №2 ӨСБ жеке құрамымен және №23 орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді. Онда Ә. Келден қызметкерлер мен балаларға өрт сөндірушінің жұмысы, оның Қазақстаннның Тәуелсіздік алған жылдардағы дамуы туралы әңгімеледі.
– Бүгінгі таңда Тәуелсіздіктің және Мемлекет басшысы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында елдің төтенше жағдайлар органдары тілсіз жаумен күреске арналған қазіргі заманғы техника мен құрал-жабдыққа ие, – деді қадірлі қонақ.
Іс-шара барысында Әбдірахмен Есенұлы «Қазақстандық төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің ұйымы» АҚ атынан облыстың ТЖ ардагері Н. Вориводинге төсбелгі, №2 Өрт сөндіру бөлімшесі жанындағы №2 мұражайына «Өрт күзетіне – 100 жыл» төсбелгісін табыстады.
Бұдан кейін Ә. Келден Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел құтқару жасағына барып, құтқарушылармен және құтқару техникасының жұмысымен танысты.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*