Жауапсыздар жеті миллион төледі

Ақмола полицейлері террористік тұрғыдан осал нысандарды тексеруде. Нәтижесінде 28 басшы мен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Кезекті іс Көкшетау қаласында 12 қыркүйекте ауруханалардың бірін тексеру барысында анықталды. Полиция қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптардың бірқатар бұзушылықтарын анықтады. Нысанда бейнебақылау жүйесі белгіленген нормаларға сәйкес келмейді, атап айтқанда, ақпаратты сақтау мерзімі қамтамасыз етілмейді, сонымен қатар, аумақтың периметрі телевизиялық бейнебақылау жүйесімен, аурухананың басты және қосалқы шығу жолдары жабдықталмаған.
Терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету және тиісті қауіпсіздік деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін аурухананың бас дәрігері ӘҚБтК 149-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы жылы полиция қызметкерлері 400-ден астам тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде ІІД анықталған бұзушылықтарды жою туралы бірқатар ұйғарымдар шығарды. Тәртіп сақшылары Үкімет бекіткен тізбеге сәйкес адамдар көп жиналатын объектілерге: сауда үйлері, қоғамдық тамақтану орындары, концерт залдары, спорт ғимараттары, вокзал ғимараттары, темір жол стансалары, әуежайлар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, діни ғимараттар, мемлекеттік органдардың нысандары, пошта желілері, сондай-ақ, туристерді орналастыру орындары, соның ішінде қонақ үйлер, демалыс аймақтары, пансионаттар жатады. Меншік нысанына қарамастан мұндай объектілердің иелері мен басшылары персонал үшін де, келушілер үшін де осындай объектілерде қауіпсіздік режимін қамтамасыз етуге міндетті. Бұл қазіргі заманғы күзет жабдығымен жарақтандыруға, өткізу режимін қамтамасыз етуге, күзет фирмаларының персоналымен профилактикалық және оқу іс-шараларын өткізуге қатысты.
ӘҚБтК 149-бабына сәйкес, терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны және адамдар көп жиналатын жерлерге жататын объектілер қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтамағаны үшін басшылар мен иеленушілерге әкімшілік айыппұл салынады.
Жеке және лауазымды тұлғаларға айыппұл мөлшері 100 АЕК (240 500 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 200 АЕК (481 000 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК (721 500 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК-ті (1 202 500 теңге) құрайды.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*