Заң бөлімі ІІО-ны қорғайды

Жуырда Ата Заңымыздың 23 жылдығы ел көлемінде кеңінен атап өтілді. Конституция – бұл ертеңгі күнге деген нық сенім мен тұрақтылықтың кепілі және оны 1995 жылдың тамызында қабылдау еліміздің даму және гүлдену жолындағы маңызды қадамы болды.
Құқықтық демократиялық мемлекет құру жағдайында ішкі істер органдары қызметінің нормативтік-құқықтық реттеу деңгейін көтеру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты, 2006 жылдың 27 наурызында Ақмола облыстық ІІД-де Заң бөлімі құрылып, бөлім туралы ереже мен оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері бекітілді.
Сонымен қатар, заң топтары Көкшетау қалалық ІІБ, Степногор қалалық ІІБ, Атбасар және Щучье аудандық ІІБ-де құрылды.
Бүгінгі таңда облыстық ІІД-нің төрт қызметкер еңбек етіп жатқан Заң бөлімі алдында көптеген міндеттер тұр. Бастысы – ҚР ішкі істер органдарының заңдылығын қамтамасыз ету, сотта, басқа да ұйымдарда қызметтің құқықтық мәселелерін қарау барысында ІІД-ден өкілдік ету, құқық қорғау органдарына талап-арыз қойылған кезде департаментті қорғау.
2013 жылдың қазан айынан бастап Ақмола облыстық ІІД Заң бөліміне құқық қорғау органдарына отыз жылдан астам уақыт еңбегін арнаған Қанат Алдабергенов басшылық етіп келеді.
«Бүгіндері сот тәртібінде арақатынасты анықтау – даулы мәселелерді қалыпты, мәдениетті шешудің тәжірибесі болып табылады. Оған қоса, біздің күшіміз қаражаттың өнімсіз шығынын азайтуға бағытталған. Ақмола облыстық ІІД-де басқарушылық, тергеу, жедел іздестіру жұмыстарымен немесе қоғамдық тәртіпті күзетумен шұғылданатын қызметкерлердің заманауи әр алуан, күрделі заңнаманың барлық өзгерістерін қадағалау мүмкіндігі бола бермейді. Заң бөлімінің мамандары құқықтық бақылау жасай отырып, әріптестеріне шешім қабылдауда қателікке орын бермеуге көмектеседі», – дейді өз қызметі жайлы Қанат Қаженұлы.
Бұдан басқа, Заң бөлімі облыстық ІІД-нің құқықтық актілерін, сонымен қатар, ІІМ-нің ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерін дайындауға қатысады. ІІД-нің құрылымдық, ішкі істер органдарына бағынышты бөліністерімен бірігіп, полиция қызметкерлері, тұрғындар арасында ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларын насихаттау және түсіндіру бойынша құқықтық жалпыға міндетті оқу жұмыстарын жүргізеді.
Қазіргі кезде департаменттің біршама талап арыздары келісімшарттағы міндеттерін орындамайтын мемлекеттік сатып алу қатысушыларына қатысты беріліп жатыр. Сонымен қатар, департамент оқу орнын аяқтаған соң келісімшарттарын орындамайтын ІІМ оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражаттарды қайтару талап- арыздарын қозғайды.
Қызметке қайта орналасу және қабылданған шешімдерді қайта қарау, тәртіптік жауапкершілікке тарту, автокөлікті тіркеу, еңбек және шаруашылық даулары, құқық қорғау қызметіне орналасу және зейнеткерлікке шығу мәселелері жөнінде қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар істері аясында ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағым жасау талап-арыздары сот-арыздық жұмыстарын жүргізуде белсенді болып отыр.
2018 жылдың басынан бастап Заң бөлімі ішкі істер органдарын әртүрлі инстанция соттарында қорғады.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*