Отбасылық командалар сайысы

Жуырда Отбасы күні мерекесіне орай отбасылық сайыс өтіп, оған Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты бөлімшелерінен 3 отбасылық команда қатысты.
Сайыстың бірінші кезеңінде қатысушылар күш сынасса, екінші кезең арқан тарту, үшінші кезең қапшықпен секіру тапсырмасынан тұрды.
Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталды. Отбасылық іс-шараға қатысып, бірінші орын алғаны үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД РУ-170/3 мекемесінің қызметкері, әділет сержанты Әлия Аймағамбетованың отбасына мақтау грамотасы мен термопот табысталды.
Жүлделі екінші орынды Дастан Ақшолақовтың командасы иеленіп, оларға мақтау грамотасы мен үтік сыйға берілді. Үшінші орынды Амангелді Нұртаевтың командасы иеленіп, мақтау грамотасы мен картинаның иегері атанды.
Спорттық іс-шараға қатысқан барлық балалар мен көрермендер назардан тыс қалмады. Оларға базарлықтар мен тәттілер үлестірілді.

Э. ІЛИЯСОВА, Батыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*