Үйлестіру кеңесінің хаттамасы қабылданды

Кеше Алматы қаласында Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильиннің төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттар ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің он бірінші отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесінің отырысына Армения Республикасының ТЖ министрі Г. Ростомян, Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары А. Худолеев, Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары К. Ахматов, Ресей Федерациясы ТЖ министрінің орынбасары П. Барышев, Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары М. Салимзода, ҰҚШҰ хатшылығы бас хатшысының орынбасары В. Семериков, сондай-ақ, Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Өңірлік өкілдігінің Басшысы Жан-Жером Касабьянка, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Ресей Федерациясы, Беларусь және Молдовадағы Өңірлік делегациялары Қару-жарақ қаупіне қарсы күрес бөлімінің офицері А. Мельников, Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының бас директоры Е. Дакебаева, Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту орталығының директоры В. Петров қатысты.
Отырыс барысында ҰҚШҰ ТЖҮК-ның төрағасы Ю. Ильин қатысушыларды бір жыл ішінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер құзыретті органдарының төтенше жағдайлардың уақытылы алдын алу және олардың салдарын жоюдың тиімді жүйесін жасауға бағытталған бірлескен қызметтің үйлестіру механизмдерін қалыптастыру жөніндегі күштерін біріктіру бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпраттандырды.
2018 жылға арналған оқу-жаттығулар мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының өзара іс-әрекеттерін пысықтау бойынша басқа бірлескен іс-шаралар жоспарлары ойдағыдай іске асырылып жатқаны туралы баяндалды.
2018 жылғы 15-16 наурызда Астана қаласында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің жанындағы жұмыс тобының отырысы өтті.
2018 жылғы 15-16 мамырда Ереван қаласында (Армения Республикасы) ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерінің Арнайы бағыттағы күштері құрамаларының құрамына бөлінген ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкілетті органдар бөлімшелерінің командалық құрамымен оқу-әдістемелік жиын өтті.
2018 жылғы 19-20 маусымда Алматы қаласында «Жартас-2018» ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер құтқару құрамаларының тактикалық-арнайы оқу-жаттығуына дайындық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Осы іс-шара алдағы оқу-жаттығуға дайындық кезінде маңызды және тиімді болып табылатынын атап өткен жөн.
2018 жылғы 11-20 шілдеде Беларусь Республикасы ТЖМ Гомель инженерлік институты және Командалық-инженерлік институты жанындағы лицей базасында ХVІ Халықаралық жас құтқарушылар-өрт сөндірушілер слеті өтті.
2018 жылғы 10-11 қыркүйекте ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерінің арнайы мақсаттағы күштер құралымдарының құрамына бөлінген ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкілетті органдары бөлімшелерімен «Жартас-2018» III арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
ҰҚШҰ ҰҚК 2017 жылғы қарашада өткен сессиясының шешімін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын және ұйымға төрағалығы кезеңінде Қазақстан Республикасы ұсынған басымдықтарды орындау жұмыстары жүргізіледі. Төтенше жағдайларда зардап шеккен адамдарға көмек көрсету кезінде үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың әлеуетін пайдалану мақсатында олармен ынтымақтастық кеңейтілуде.
Отырыста төтенше жағдайларда зардап шеккен адамдарға көмек көрсету кезінде халықаралық ұйымдардың әлеуетін пайдалану, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкілетті органдардың бөлімшелерімен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізу, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін кадрларды даярлайтын базалық оқу орындарының қызметі, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасауы, «ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайларға ден қоюы туралы» ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылғы 14 қазандағы шешімінің орындалуын ұйымдастыру, Армения Республикасы аумағында ресей-армян гуманитарлық ден қою орталығын құру процессі мақсатында олармен одан арғы ынтымақтастық және басқа да мәселелер қаралды.
Іс-шарада төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің қорытынды құжаттарына қол қойылды. Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесі он бірінші отырысының хаттамасы қабылданды, онда барлық қабылданған шешімдер жазылды.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*