Өресі биік өнерлі ұжым

Ақтөбеде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арнап «Ел жүрегі –Астана» атты ішкі істер органдарының өңірлік көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды.
Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Оған Атырау және Маңғыстау облыстарының ішкі істер және қылмыстық атқару жүйесі мен төтенше жағдайлар департаментерінің қызметкерлері қатысты. Байқаудың мақсаты – құқық қорғау қызметкерлерінің мәдени және рухани деңгейін арттыру, патриотизмін қалыптастыру.
Байқауға қатысушылар үш номинация бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Вокалды инструменталды ансамбль және жеке орындаушылардың халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен құқық қорғау саласы қызметкерлерінің 8-12 жас аралығындағы балалары вокалды ән шырқады.
Байқау тартысты да қызықты өтті. Жаңа туындылар орындалды. Өңірлік байқауда ақтөбелік ІІД командасы бірінші орынды иеленді. Ал, Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары жүлделі екінші орынға тұрақтады. Үшінші номинацияда қатысқан барлық балаға грамота мен сыйлықтар табыс етілді.
Байқау жеңімпаздары Ақтөбе облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры М. Абисатовтың атынан грамоталар мен дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Үздік өнер ұжымы қараша айында Астана қаласында өтетін республикалық конкурсқа қатысуға мүмкіндік алды.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*