Аң аулаймын деп, асыра сілтеме

Солтүстік Қазақстан облысында қыркүйектің 1-нен бастау алған суда жүзетін жабайы құстарды аулау маусымы қарашаның 30-на дейін жалғасады. Бір тәулікте 5 бас жабайы құсты атуға рұқсат етілген. Полицейлер мен орман шаруашылығы және аңшылық әлемі инспекциясы мамандары аң аулау қағидаларын мұқият сақтау қажеттігін ескертеді.
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Сергей Липконың айтуынша, аулау тәртібі мен рұқсат құжаттарының болуынан бөлек, аңшылар қауіпсіздік техникасын да қатаң сақтауы қажет. Аң аулау барысында атыс қаруын сақтықпен қолданбаудан басқа, өрт қауіпсіздігін сақтамау және судағы абайсыздық салдарынан жазатайым оқиға орын алуы мүмкін.
«Аңшылық маусымы кезінде облыс аумағында рейдтік іс-шаралар өтіп тұрады. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы инспекторлары мен полицейлерден тұратын мобильді топтар құрылды. Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу – сақшылардың басты назарында», – деді ІІД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Сергей Липко.
Табиғатты қорғау полициясының міндеті – басқа мүдделі органдарға экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау бойынша көмек көрсету. Полицейлер бекеттерде ет өнімдерін тасымалдауға рұқсат құжаттарының барын тексеру бойынша кезекшілік ұйымдастырады. Арнайы басқа ведомстволармен бірлесіп, ұдайы негізде ормандар, ағаш кесетін жерлер, Есіл өзенінің сағасы, көлдер мен су қоймалары бойынша инспекторлық тексеріс жүргізіледі.
Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер табиғатты қорғау саласы бойынша 550-ден астам түрлі құқық бұзушылықты анықталды. Оның ішінде 192-сі балық аулау, 300-і аң аулау ережелерін бұзу оқиғалары.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*