Алғалықтар алға озды

Жуырда жаттығу полигонында өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы арасында «Газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны» атағына жарыс өтті.
Жарыс шарттары бойынша ГТҚҚ буынында төрт адам жұмыс істейді, оның үшеуі «Драгер» тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен металл тіркемеде, толық жабдықтауда және мүлдем көрінбейтін жағдайда зардап шеккендерді іздестіруді жүзеге асырады. Бұл ретте төртінші қатысушы – қауіпсіздік бекетіндегі бекетші арқылы жағдайды баяндайды.
Жарысқа облыстан 17 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша «ГТҚҚ үздік буыны» болып Алға ауданы №6 ӨСБ танылса, Ақтөбе қаласы №3 МӨСБ 2-орынға, Мұғалжар ауданы №12 ӨСБ 3-орынға тұрақтады.
«Үздік газ-түтіннен қорғаушы» номинациясында 1-орынды Алға ауданы №6 ӨСБ қызметкері Б. Мәлік иеленсе, 2-орынға Қобда ауданы №6 ӨСБ қызметкері Д. Ешмұханов, 3-орынға Ақтөбе қаласы №4 ӨСБ қызметкері Е. Искаков ие болды.
«Қауіпсіздік бекетіндегі үздік бекетші» номинациясында 1-орын Ақтөбе қаласы №1 МӨСБ қызметкері А. Нұрышевтың, 2-орын Шалқар ауданы №17 ӨСБ қызметкері Г. Өтешовтің, 3-орын Ақтөбе қаласы №3 МӨСБ қызметкері Н. Табайдың еншісінде.

Ақтөбе облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*