«Қыран» – жеңімпаз, «Сұңқар» – екінші

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінің ұйымдастыруымен шағын футболдан спорттық іс-шара өтті.
Мекеме бастығы, әділет подполковнигі А. Тасқараев сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Жамуров және Ардагерлер кеңесі мүшесі Л. Шабаевтың ізгі тілектері тыңдалды.
Өткен іс-шарада жеке құрам қызметкерлері 7 команда құрып, бақтарын сынады. Спорт пен дене тәрбиесінің адамның денсау¬¬лығын сақтауда, қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыруда қанша¬лықты маңызды рөл атқаратынын білеміз. Бұл шара қызықты әрі тартысты өтті. Ойын барысында командалар мықтылықтарын, ептіліктері мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.
Сайыстың қорытындысы бойынша 1-орынды «Қыран» тобы, 2-орынды «Сұңқар» тобы иеленді. «Үздік қақпашы» номинациясын әділет лейтенанты Ж. Рахметов және «Үздік қорғаушы» номинациясын әділет майоры С. Абсадықов жеңіп алды.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен медальдар, қатысушы командаларға номинациялар және сый-сияпаттар табысталды. Сайыс қатысушылары мен келген қонақтар осындай игі шаралардың көптеп ұйымдастырылуына тілектестік білдірді.

А. ТҰРМАНОВ, Қызылорда облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*