Талғаттың табысты өнері

Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ ММ қызметкері Талғат Сұңқарбеков грэпплингтен ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Грэпплинг – өзі ауыртатын және буындыратын тәсілдер пайдаланылатын жекпе-жек түрі. Бұл күрес соққыны және қаруды пайдаланбайды. Грэпплингтің тағы ерекшелігі – киімі. Спортшы үстіне шорты мен рашгарда киеді (қысқа және ұзын жеңді денеге жабысқан футболка). Жекпе-жек кезінде кедергі жасамау үшін киім денеге толық сай болу керек.
Жуырда Астана қаласында грэпплингтен Қазақстан Республикасы чемпионатында азаматтық қорғау кіші сержанты Талғат Сұңқарбеков қола жүлдегер болды. Оның алдында Талғат Қостанай қаласында алдын ала іріктеуден өтті және облыстық жарыстардың жеңімпазы атанды. Ел чемпионатында құрметті үшінші орынға ие болғаннан кейін ол жақын арада түрлі халықаралық турнирлер мен Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрамаға қосылды.
«Бұл сайыс түрі өте қызықты. Ұлттық құрамаға ену үшін іріктеудің бірнеше сатысынан өту керек. Бұл оңай емес», – деді Талғат.
Айта кетейік, кіші сержант Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ Меңдіғара ауданының №19 Өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.

Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*