Атаулы күндегі аламан

Жуырда Отбасы күніне оарй Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы қызметкерлері отбасыларының қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды.
Суреттер сайысы, отбасылық эстафета және шығармашылық өнерпаздық атты үш кезеңнен тұрған жарыстың бірінші сатысына Академия қызметкерлерінің 9 жасқа дейінгі балалары «Менің отбасым» деген тақырыпта салған суреттерімен қатысты.
Екіншісі отбасылық эстафета қызметкерлер отбасыларын Академияның қоғамдық өміріне қатысуға үндеу мақсатында спорт кешенінде, әскери және денешынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Спорттық жарыстар қатысушылар мен жанкүйерлерге күш-жігер берді. Ал, қазылар алқасы «Достық жеңді» деген шешімге келді.
Мерекелік іс-шара Академия қызметкерлері балаларының қатысуымен концерттік бағдарламамен аяқталды. Балалар ата-аналарымен бірігіп аталған іс-шараға әртүрлі билер мен әндер дайындап, үлкен ынталарымен қатысты. Іс-шара соңында Академия бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов қатысушы балаларды Алғыс хатпен марапаттап, ойыншықтар ұсынып, өз алғысын білдірді.

Д. ӘЛЖАНОВА, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*