Мәдимұхаметовтер – үздік спорттық отбасы

Отбасы күніне орай, ІІД спорт кешенінде дәстүрге айналған «Отбасылық бастаулар» спорттық сайыстары өтті. Үздік спорттық отбасы атағына ведомствоның 8 жұбы бақталасты.
«Динамо» ДШСҚ бастығының бірінші орынбасары Жанат Досуров сәлемдесу сөзінде қатысушыларды мейраммен құттықтап, жарыс мақсаты – саламатты өмір салтын ұстанумен қатар, отбасылық құндылықтар мен дәстүрді нығайту болып табылатынын атап өтті.
Жарыс 4 сатыда өтті. Алғашқы саты – дәлдік, спорттық снарядтар – футбол және баскетбол доптары. Команданың әр қатысушысының міндеті – ең көп ұпай санын жинау, ал жалпы қорытынды барлық соғылған «голдардың» саны бойынша бағаланды. Алғашқы жарыс нәтижесі бойынша ІІД Тергеу басқармасынан Каликуловтар отбасы көшбасшы атанды.
Жарыстың екінші сатысының тапсырмасы – ұзындыққа секіру, ал үшінші сатыда қатысушылар «дартс» ойыны бойынша жарысты. Екі саты бойынша Досановтар және Құлатаевтар отбасылары топ жарды.
Жеңімпаздар соңғы жарыс – отбасылық эстафетада анықталды.
Эстафета нәтижесі бойынша Арнайы даярлық басқармасының аға инспекторы Ардақ Мәдимұхаметовтың отбасы шапшаң болып шықты. Ал барлық сатылардың қорытындысы бойынша Ардақ, жұбайы Айгүл және ұлы Мәди жеңімпаз атанып, «Үздік спорттық отбасы» атағын жеңіп алды.
Екінші орыннан Кадр жұмысы басқармасының аға инспектор-психологі Арман Досанованың отбасы табылса, ал үшінші орынды бірден екі отбасы иеленді: Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Нұрлан Құлатаевтың және ЖҚАЖ аға инспекторы Рахат Әбдірахмановтың отбасы.
Жарыс жеңімпаздары грамота, медаль, кубоктар мен сыйлықтарға ие болды.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*