Өрт сөндірушілер оза шапты

Жуырда «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамының ұйымдастыруымен «Ақжайық» орталық стадионында полиция полковнигі Карл Махамбетовті еске алу құрметіне орай Батыс Қазақстан облысының күштік құрылымдары арасында шағын футболдан жарыс өтті.
Аталмыш шарада облыстық ТЖД Күштер мен құралдар жедел басқаруы орталығының инженері Серік Картабаевтың жетекшілігімен Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің командасы І орынға ие болды.
Тартысты ойын көрсете білген қызметкерлерді Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Н. Таубеков марапаттап, қызметтен бөлек, қоғамдық шаралар мен спорттық ойындарда үнемі белсенділік танытып, әрқашан үздік нәтиже көрсететіндеріне үлкен сенім білдірді.
Бөлімше жігіттеріне алдағы уақытта тек жетістіктер тілейміз.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*