Мекеменің мейірлі акциясы

Соңғы жылдары қолға алынған «Мектепке жол» акциясы мектепке дайындық үшін көпбалалы отбасыларға көп көмегін беруде.
Бала – адамның бақыты. Осы қолымыздағы бақытты ерекше қамқорлықпен бағып-қаға білсек, олар да өскенде өзінен кейінгі жас ұрпаққа соның жемісін берері хақ. Сондықтан бала да біздің әлеміміздің бір бөлшегі болғандықтан осындай акциялардың балаларға қатысты жиі өткізіліп отырғаны ата-аналарға тиімді.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/5 мекемесінде жергілікті атқарушы органдар, мекеме бастығының міндетін уақытша атқарып отырған режим және жедел бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Д. Әбдірахман мен осы мекеменің мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Ж. Бағымбаевтың басшылық етуімен кішігірім мерекелік шара өтіп, Жем қалалық №5 Жалпы білім беретін орта мектебіне баратын біршама балалардың ата-анасына көмек ретінде мектеп құралдары мен мектеп формалары табысталды. Мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын таба бермек.

К. МЕҢДІБАЕВ, Ақтөбе облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*